Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Әлем кубогындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық боксшы польшалық Виктория Рогалиньскамен кездесіп, күтпеген жерден 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша отандасымыз жарысты ерте аяқтады.
Жекпе-жектен кейін Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасына: «Сөз жоқ… Әркім өзіне керегін көреді… Мен жұмысымды жалғастырамын…», – деп жазды.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.