Жарнама

Бокс
Бүгін 11:06
 

"Сөз жоқ..." Назым Қызайбай Бразилиядағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

"Сөз жоқ..." Назым Қызайбай Бразилиядағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді ©ҚБФ

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Әлем кубогындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Әлем кубогындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық боксшы польшалық Виктория Рогалиньскамен кездесіп, күтпеген жерден 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша отандасымыз жарысты ерте аяқтады.

Жекпе-жектен кейін Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасына: «Сөз жоқ… Әркім өзіне керегін көреді… Мен жұмысымды жалғастырамын…», – деп жазды.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!