"Бұл жақсы жекпе-жек. Дэниэл - әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Көпшілік ол "Канело", тіпті Головкинді жеңді деп ойлайды. Бұл жіберіп алуға болмайтын мүмкіндік.
Мен оны қарсылас қылып таңдаған жоқпын, бұл мүмкіндік өздігінен келді, менің көптен жұдырықтаспағаныма қарамастан. Соңғы жекпе-жегімде мен рингте тек бір раунд қана болдым. Дегенмен осы мүмкіндікті алдым. Бұл кездесуде жеңгім келеді, сосын Альвареспен екінші орта немесе жартылай ауыр салмақта айқасамын", - деп келтіреді Чавестің сөзін BoxingScene.com.