Бокс
20 желтоқсан 2019 10:27
 
"Соңына дейін айқасамын". Венесуэлалық "Зымыран" жеңілмеген қазақ боксшыны тізе бүктіру арқылы элитаға жолын ашпақ

  Пікірлер

blog.share

"Соңына дейін айқасамын". Венесуэлалық "Зымыран" жеңілмеген қазақ боксшыны тізе бүктіру арқылы элитаға жолын ашпақ © Suleimen Promotions

Венесуэлалық Омар Гарсия (15-2, 12 КО) қазақстандық Айдос Ербосынұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жекке жеңіс үшін ғана шықпақ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшы бұл кездесу элитаға кіру мүмкіндігі екенін атап өтті.

Ербосынұлы - Гарсия жекпе-жегі 21 желтоқсан Красноярсктегі бокс кешіне белгіленген. Он раундты жекпе-жекте қазақ боксшының WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеулері сарапқа салынады.

"Соққысы ауыр". Жеңілмеген қазақ боксшы "Зымыран" лақап атты келесі қарсыласынан сескенеді

"Бұл үлкен жекпе-жек болады деп есептеймін. Қарсыласым болашағынан үміт өте зор боксшы. Бір жылда керемет жетістікке жеткен. Командасы жақсы және дағдысы мықты. Ол жеңісіне сенімді, осылай ойлағаны мен үшін ұтымды. Маған сенетіндер аз, бірақ, бар күшімді көрсетемін. Бұл карьерамдағы ең басты жекпе-жек. Соңына дейін айқасамын. Айдос мықты боксшы деп есептеймін, дегенмен, кімді болса да жеңуге болады. Бұл жеңіс маған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Басым болуым керек", - дейді Гарсия. 

Жарнама

Живи спортом!