"Соңына дейін айқасады". Өзбекстан құрамасының бапкері қазақ боксшыларымен текетірес жайлы
Сурет: Данияр Майлыбаев©
Бокстан Өзбекстан құрамасының аға бапкері Тулкин Киличев Vesti.kz тілшісімен сұхбаты кезінде Қазақстан құрамасынан не байқағанын айтып берді.
Амманда өткен кейінгі жарыста Қазақстан Олимпиадаға сегіз, ал Өзбекстан құрамасы алты жолдама жеңіп алды.
"Үнемі бәсекедеміз. Сіздердің командаға қарсы тұрамыз - бұл бізге де, сіздерге де жақсы. Бәсекеде өсім болады. Командаларыңыз ұдайы жаңарып отырады, жас боксшылар қатарға қосылады. Бізде де жаңару болады. Командаларыңыз тұрақты нәтиже көрсетеді, әлем чемпиондары мен Олимпиада жеңімпаздары бар. Қазақстан құр алақан қалған кез болған емес.
Боксшыларыңыз, бізден, кубалықтар немесе ресейліктерден кейін болып қалған кездер бар. Екінші, үшінші орын деген сияқты, алайда, құр қайтқан емес. Бұл бізге де пайдалы. Мен командаларыңыздың жақсы және пайдалы жақтарын алуға тырысам. Олимпиада ойындарында да Қазақстан жетекші командалардың бірі болады, біздің командамен соңына шейін - алтын жүлдеге дейін айқасады", - дейді маман.

Жарнама