Бокс
4 наурыз 09:31

"Соның арқасында мені жеңді". Бибосынов Хасанбой Дусматовтың артықшылығын атады

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен текетірес туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар рингте төрт рет кездескен:

Ол төрт кездесудің біреуінде ғана Сәкен жеңіске жеткен. Олардың кейінгі айқасы Францияда өткен Париж Олимпиадасының ширек финалында болды, ол кезде Хасанбой Бибосыновты төрешілер шешімімен жеңді де, кейін Жазғы ойындардың жеңімпазы атанды. 

- Хасанбой Дусматов рингте қандай? Оны артықшылығы неде немесе несімен ыңғайсыз қарсылас?

- Мен үшін ыңайсыз қарсылас емес, 2021 жылы жеңгенмін, сол жылы әлем чемпионы болдым. Одан кейін ол мені қатты зерттеді деп ойлаймын, соған байланысты дұрыс тактика қойып, соның арқасында жеңіске жетіп жатыр. Бойы кішкентай болғанымен, соққылары ауыр, қапталдан ұратын соққысы жақсы қойылған, тіке соққы ұрып тұрсаң да, ол қапталдан соққысын жеткізеді. Өзбекстанда оны "профессор" деп атайды. Әр жекпе-жек сайын ол бірнеше сағат қарсыласын зерттейді. Мен оны құрметтеймін. Мүмкін мен оны сол кезде жеңгенімде, Олимпиада чемпионы болатын едім. Ең мықты қарсылас сол болды ғой, оны жеңсем басқа қарсылас қиындық тудырмас еді", - дейді Бибосынов Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport