жаңа тег қосуСлайдшоу қарау (пробел)ПаузаАртқаАлғаОрнынан көшіруЖабу (Esc)Толық көлеміне ашуСуретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Супер ауыр салмақта IBF, WBO және WBA чемпионы мексикалық Энди Руис пен (33-1, 22 КО) британиялық Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) қарымта жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті.
Боксшылар дәстүр бойынша жекпе-жек жайлы ойларын айтып, бір-бірінің көзіне тік қарады.
Энди Руис: "1 маусымда мен тарихқа кірдім, енді 7 желтоқсанда мұны қайталау маңызды. Джошуаның жекпе-жекке басқа жоспары барын білемін, менің басты міндетім - бәріне дайын болу.
Әрине бұл белбеулерден айырылғым келмейді. Бокспен 6 жасымнан айналысамын, енді міне жемісін берді. Ауыр еңбекпен келгенді ешкімге бермеймін".
Энтони Джошуа: "Үміткер болған қызық екен, Кличкомен өткен 16-шы жекпе-жегімде осылай еді. Бұл айқасты асыға күтемін. Жүрегімде еш қорқыныш жоқ, көзімнен де көре алмайсыздар.
Титулдарды қайтару мен үшін өзгеше дүние болады, өйткені бұл менің орным екенін білемін. Ал одан кейін жеңісті тойламаймын. Ары қарайғы мақсаттарыма жетуім керек. Руис орындау керектің бірі ғана".
Баспасөз мәслихатында қызықты жай болды. Фотосессиядан кейін Джошуа қарсыласына мынадай сұрақ қойды: "Сонымен, сені жеңетін стратегия қандай?". Руис бірден жауап бере алмай кідіріп қалды, артынан екі боксшы да күлді.
Andy Ruiz Jr and Anthony Joshua had another face-off at the Diriyah Arena following their press conference today. AJ just casually asked Ruiz Jr: "So what's the strategy to beat you?"