Бокс
8 қыркүйек 2017 10:11
 

Соңғы 5 жылда "Канело" екеуміз қарсыластарды қиратып келеміз. Қарсыласым - супержұлдыз - GGG

  Пікірлер

blog.share

Соңғы 5 жылда "Канело" екеуміз қарсыластарды қиратып келеміз. Қарсыласым - супержұлдыз - GGG © usnews.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жектің алдында P4P салмақ дәрежесі бойынша жасалатын үздік боксшылардың рейтингіне аса назар аудармайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкиннің айтуынша, бұл жекпе-жек бокс тарихына енеді. Сондай-ақ, ол қарсыласын супержұлдыз деп атап өтті.

"Меніңше, P4P туралы әңгімелердің барлығы аса маңызды емес. Әлемде жақсы боксшылар өте көп. Маған одан қарағанда менің бес жыл бойы қарсыластарымды рингте жеңіп тастауым маңыздырақ, "Канело" да дәл сондай. Кімнің бірінші, екінші немесе үшінші орында екенін білмеймін. Бірақ "Канелоның" ерекше боксшы және супержұлдыз екенін білемін", - деп келтіреді қазақстандық боксшының сөзін "Чемпионат" BoxingScene басылымына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

blog.share
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық 
Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жектің алдында P4P салмақ дәрежесі бойынша жасалатын үздік боксшылардың рейтингіне аса назар аудармайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкиннің айтуынша, бұл жекпе-жек бокс тарихына енеді. Сондай-ақ, ол қарсыласын супержұлдыз деп атап өтті.

"Меніңше, P4P туралы әңгімелердің барлығы аса маңызды емес. Әлемде жақсы боксшылар өте көп. Маған одан қарағанда менің бес жыл бойы қарсыластарымды рингте жеңіп тастауым маңыздырақ, "Канело" да дәл сондай. Кімнің бірінші, екінші немесе үшінші орында екенін білмеймін. Бірақ "Канелоның" ерекше боксшы және супержұлдыз екенін білемін", - деп келтіреді қазақстандық боксшының сөзін "Чемпионат" BoxingScene басылымына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама

Живи спортом!