Бокс
3 сәуір 2017 12:12
 
Сондерспен жұдырықтаспаса Головкин құр қол қалады, өйтені "Канело" оны былтыр да алдаған

  Пікірлер

blog.share

Сондерспен жұдырықтаспаса Головкин құр қол қалады, өйтені "Канело" оны былтыр да алдаған © Спорт-Экспресс

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз қазақстандық Геннадий Головкинге маусымда Билли Джо Сондерспен жұдырықтасу маңызды екенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Мұның алдында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қыркүйекте Головкинмен емес, оның бұрынғы қарсыласы Давид Лемьемен жекпе-жек өткізуі мүмкін екені белгілі болды. Мексикалық және канадалық боксшылардың промоутерлері бір - Golden Boy Promotions компаниясы. Автордың пікірінше, "мұндай жекпе-жек мексикалық үшін Головкинмен жұдырықтасқаннан гөрі қауіпсіз, дегенмен, бұл жалғыз амал емес - Чавеспен қарымта жекпе-жек өткізуге де болады".

"Головкиннің проиоутері Том Леффлер 10 маусымда Сондерс-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру үшін біраз еңбектену керек. Егер бұл мүмкіндікті жіберіп алса, Головкин құр қол қалуы мүмкін. Ол Сондерспен, "Канеломен" де жұдырықтаса алмай, мұның орнына IBF бойыша міндетті қарсылас Туреано Джонсмен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бірақ ол Дэниэл Джейкобстен мықтырақ сияқты.

Ал "Канело" былтыр да Головкинді алдап кеткен болатын. Головкин осы оқиғадан бір нәрсе түйген шығар.

Головикн мен "Канело" жекпе-жегі бір жағдайда ғана өтеді - Golden Boy Promotions дәуірі өтіп бара жатқан Хулио Сезар Чавес, Амир Хан және Джеймс Киркланды таңдағандай, Головкин қартайған шақта жұдырықтасуға келісім бергенде. Қазір қазақстандық тым жақсы жұдырықтасады. Сондықтан "Канело" қыркүйекте не Лемьемен, не Чавеспен кездеседі", - дейді шолушы.

Еске салайық, Лемье 6 мамырда "Канело" мен Чавес жұдырықтасатын бокс кешінде рингке шығады.

Жарнама

Живи спортом!