"Жағдайды бақылап отырмыз. Невада штатының атлетикалық комиссиясымен талқыға салып отырмыз. Арена өкілдері және ресми тұлғалармен хабардамыз", - дейді мексикалық боксшының ісін жүргізетін Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес.
Мәлімет көзінің ақпаратынша, кеше кешкісін Гомес DAZN басшыларымен кездесіп, осыған байланысты нақты шешім қабылдану керек болған еді. Алайда оң шешім болмаған сияқты. Демек Альварес мамырда жұдырықтаспай, келесі жекпе-жегін қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) өткізуі мүмкін.