auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сондерс тамызда Головкинмен жұдырықтасу келісімі туралы айтып берді

Сондерс тамызда Головкинмен жұдырықтасу келісімі туралы айтып берді
© ToFight.Ru
Орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу керек болған отандасы Мартин Мюррейге (36-4-1, 17 КО) ауыр сөздер айтты.

Боксшылар 23 сәуірде Лондонда жұдырықтасу керек болатын, алайда, чемпион қолын жарақаттап, жекпе-жек 23 маусымға ауыстырылды. Бірақ бұл жолы да Сондерс сіңірін созып алып, кездесу тағы өтпеді.

Алайда Мюррей көбірек табыс үшін Сондерс қазақстандық Геннадий Головкин немесе мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға келіссөздер жүргізді деп күдіктенді. 

"Қаржыдан өмірімнің соңына дейін қысылмаймын. Жылжымайтын мүлік және басқасынан түсетін табысым бокстан келетін пайдадан көп. Сондықтан жарақатым болса, "жоқ" деп айта аламын. Мюррей сияқты ақша үшін жұдырықтасқым келмейді. Ол белбеу үшін төрт рет жұдырықтасып, бәрінде жеңілді. Өйткені ол промоутерлер үшін жезөкше болып келді. Алдымен Хирнмен, енді Уорренмен. Ол бұған көндігіп кеткен", - дейді Сондерс Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Сондерс Головкинмен тамызда жекпе-жек өткізу келісімі туралы айтып берді. 

"Головкинмен тамызда жұдырықтасуға дайын ба едім? Әрине жоқ. Көбірек қаржы ұсынды ма? Иә. Уоррен Головкинмен келіссөздер болды дейді, бірақ, мұны GGG командасының пәтуәсіз ісі екенін білдім. Мен тамызда жұдырықтаса алмас едім, өйткені жарақатым болды. Мұндай қауіпке бармас едім. Мен рингке бірнеше фунт емес, жеңіс үшін шығамын. Ешқандай ақшаға жеңіліп қалу үшін шықпаймын. Әлем чемпиондары мен британиялық, еуропалық деңгейдегі таңдаулы боксшылардан айырмашылығы осы", - дейді боксшы. 

Айта кетейік, 2015 жылы Мюррей Головкинмен жұдырықтасқан. 11 раунды шыдаған британиялық техникалық нокаутпен жеңілді. Осыдан кейін ол қазақстандықтан қарымтасын алғысы келетінін мәлімдеген. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама