Бокс
11 мамыр 2021 10:06
 

Сондерс "Канелодан" нокаутпен жеңілгеннен кейін алғаш рет сұхбат берді

  Пікірлер

blog.share

Сондерс "Канелодан" нокаутпен жеңілгеннен кейін алғаш рет сұхбат берді Билли Джо Сондерс. Сурет: DAZN©

Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (57-1-2, 39 КО) жеңілгеніне қатысты пкір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (57-1-2, 39 КО) жеңілгеніне қатысты пкір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақтағы WBC, WBA және WBO титулдары үшін бұл айқас 8 мамыр Арлингтонда өтті. Сондерстің сегізінші раундта өткізіп алған ауыр соққыдан аңғалағы сынып кетіп, оның командасы рингке ақ орамал лақтырды.

"Қолдау білдіргендердің бәріне рахмет, аңғалағым мен бет сүйегім сынып кеткен, үш жерден. Операция жексенбіде өтті, қазір мен жақсымын. Кейде жеңесің, кейде жеңілесің. Өз лигамда емеспін деген сезім болған жоқ, мен тек ауыр соққы өткізіп алдым, осыдан кейін ештеңе көрмей қалдым. Жекпе-жекті тамашалағандардың бәріне рахмет. Мен ораламын", - деп береді Сондерстің сөзін Boxingscene.com.

Бұл Сондерстің карьерасындағы алғашқы жеңілісі, британиялық титулынан айырылды.

Жарнама

Живи спортом!