Сондерс Жәнібектен қашқан экс чемпионның қорқақтығын бетіне басты

19 желтоқсан 12:16
©Bad Left Hook

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жектен қашып жүрген отандасы Крис Юбенкті (33-3, 24 КО) мазақ етті, деп жазады Vesti.kz.

Юбенк әлеуметтік желіде Жәнібекпен толыққанды титулдар үшін айқасуға келіскенін, алайда промоутері испаниялық Этиносо Олихомен (19-0, 8 КО) дәрежесі төмен IBO ұйымының титулы үшін жекпе-жекке мәжбүрлеп отырғанын жазыпты.

Бұл сөзге Сондерс мынадай деп жазыпты: 
 
"Қазақстанмен неге жұдырықтаспайсың? "Б...тың қабы екенсің".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport