Бокс
15 тамыз 2019 09:35

Сондерс Головкиннің әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегі немен бітерін айтты

© boxnews.com.ua
Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) Boxing Social порталына берген сұхбатында IBF титулы сарапқа салынатын қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегі жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Бұл сөзсіз Головкиннің кездесуі. Бірақ бұл өте ауыр 12 раунд болады, ол Головкиннің денсаулығының, өмірлік қуатының бір бөлігін алып қояды", - деді Сондерс.

Естеріңізге салсақ, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкин - Деревянченко жекпе-жегін тағайындаған болатын. Екі тараптың келіссөз жүргізуіне 30 күн берілген. Сол уақыт ішінде келісе алмаса, промоутерлік сауда-саттық өтеді.

Бұған дейін Головкин орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің барлық талабына келіскені хабарланған.

Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін.