auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сондерс есітркіге тәуелді әйелмен даулы видео үшін жазаланды

Сондерс есітркіге тәуелді әйелмен даулы видео үшін жазаланды
© XSPORT.ua
Бокс бойынша британиялық кеңес (BBBofC) орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) ісіне қатысты отырыс өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған себеп әлеуметтік желіге тарап кеткен видео. Онда Сондерс Rollce-Royce көлігінде отырып, достарымен бірге есірткіге тәуелді әйелді мазақ еткен. Боксшы оған есірткі дозасы үшін досымен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынады, ал артынша өтіп бара жатқан адамды педофил дегізіп, шапалақпен ұруға мәжбүрлеген. 

Кейінірек The Sun таблойды осы дау қызып тұрғанда Сондерстің бір жыл бұрынғы видеосын жариялайды. Онда чемпион өзін полицей деп таныстырып, қарумен қорқытып ер адамды іш киіміне дейін шешінуге мәжбүрлеген. 

Отырыс қорытындысы бойынша, BBBofC Сондерске "бокс беделіне келтірген нұқсан үшін" 100 мың фунт стерлинг айыппұл салды. Бұл қаржы қиындық көріп жатқан бұрынғы боксшыларға жұмсалады. 

Сондерс ең ауыр жаза - лицензиядан айырылудан аман қалды, мұнан бөлек ол бокстан уақытша шеттелуі мүмкін еді. 



Кейін бұл видеоны полициця назарға алды. Боксшыға бірден бірнеше айып тағылуы мүмкін. 

Қазіргі таңда Сондерс америкалық Деметриус Андрадемен (25-0, 15 КО) чемпиондық жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр. Кездесу 20 қазан Бостонда өтеді. Бұл британиялықтың чемпионның WBO белбеуін 2015 жылы иеленгеннен бергі төртінші қорғауы болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама