Бокс
13 шілде 2021 18:40

"Солақай, ыңғайсыз қарсылас екен". Қазақ боксшысы Еуропа чемпионын қалай жеңгенін түсіндірді

Сұлтан Зауырбек. Сурет: boxing-social.com

Алматыда өткен бокс кешінің басты айқасында Сұлтан Зауырбек (11-0, 7 КО) Еуропаның экс-чемпионы шотландиялық Ронни Кларкпен (21-4,-2, 10 КО) жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жоспарланған 10 раунд бойы қарсыласынан бір төбе басым болған жерлесіміз спорттық карьерасындағы 11-жеңісіне жетіп отыр.

"Жекпе-жек өте тартысты болды. Кәсіпқой рингте солақай боксшымен алғаш рет кездестім. Ыңғайсыз қарсылас екен. Физикалық тұрғыда өте жақсы дайындалып келіпті. Дегенмен раунд өткен сайын өзім жоспарлаған тактика бойынша жұмыс істедім. Нәтижесінде кезекті айқасымды жеңіспен аяқтадым. Маған қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді", - дейді жартылай орта салмақта жастар арасындағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

Еске салайық, Зауырбек - Кларк жекпе-жегі MTK Kazakhstan Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізген бокс кешінің басты оқиғасы болды. Бұл жеңіс арқасында Сұлтан екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European титулын иеленді.