Сол қолымен. Жәнібек Әлімханұлын жеңген өзбек боксшы кәсіпқойдағы кезекті қарсыласын нокаутқа түсірді

Сурет: Upl.uz
Екінші орта салмақтағы өзбекстандық проспект Бектемир Меликузиев (6-0, 5 KO) мексикалық Алан Кампаны (17-6, 11 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Индио қаласында өткен жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, алайда, Меликузиев қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бектемир жекпе-жек басынан-ақ басымдығын байқатып, мексикалықты екінші раундта нокдаунға түсірген болатын. 



Айта кетейік, әуесқойда Меликузиев 2016 жылғы Олимпиада мен 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қоса, Азия чемпионатының жеңімпазы. Ал 2015 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан басым түскен еді.