Америкалық боксшы Габриэль Росадо (26-16-1, 15 КО) өзі бетпе-бет келген боксшылар арасында ең мықты панчер Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) емес екенін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Росадо мен GGG 2013 жылы жұдырықтасып, Головкин қарсыласын 7-раундта техникалық нокаутпен жеңген.
"Мен үнемі ірі жігеттермен жұмыс істеймін. Көп жағдайда жартылай ауыр салмақтағылардан қатты ұратын орта салмақтағы боксшылар бар. GGG - өте қауіпті панчер, бірақ ол ең мықты панчер деп ойламаймын. Давид Лемье - міне мықтырақ панчер", - деп береді Росадоның сөзін DAZN.com.