"Соққыдан тайсалмайды". Шетелдік маман қазақстандық нокаутшының элитада айқасатынын болжады

© Eye Of The Tiger Managment
Канадалық TheFightCity.com спорт порталының шолушысы Захари Алапи бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) үшін алдағы жыл сәтті өтеді деп болжады. Vesti.kz тілшісімен сұхбат барысында ол қазақ боксшының мықты жақтарын атады. 

"Батыр Жүкембаев өз салмағындағы ең атаулы проспект бола ала ма? 17 жеңіс оның ішінде 13 нокаут, мұндай рекорд және WBC, IBF белбеулерімен ол мықты боксшыға айналды. Ол әдемі жұдырықтасады және соққы алмасудан тайсалмайды. 

2020 жылы ол өзінің шырқау шегіне жетеді де, элиталы деңгейдегі қызықты бірнеше айқас өткізеді деген ойдамын. Жүкембаев 25 қаңтар Монреальда өтетін бокс кешінің хедлайнері. Ол промоушен жұлдыздарының біріне айналарына сенімдімін", - дейді Алапи.