Бокс
24 маусым 2021 16:18

"Содан кейін бәріне дайын болуды үйрендім". Данияр Елеусінов кәсіпқойда басынан не өткенін айтты

Сурет: boxingscene.com

Қазақстандық Данияр Елеусінов "Спорт Шредингера" YouTube арнасына сұхбат беріп, кәсіпқойда басынан өткендері мен жаңа келісімшарт туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Менде әлеует бар. Басында қалай жұдырықтасу керегін де білмедім. Қазір кәсіпқой стильді түсіндім. ТМД елдері боксшылары алыстан жақсы ұрады. Алайда жақын және орта қашықтықтан да жұдырықтаса білу қажет. Қазір менде мұндай бар. Енді өрлей беремін. Басында икемделдім, енді мықты қарсыластарға дайынмын. 

- Жаңа келісімшарт туралы айтып беріңізші?

- Жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Әзірге бірден қол қоюға асықпаймыз. Бірінші бір-екі жекпе-жек өткізіп аламыз. Келесі айқас тамызда болады деген. Теофимо Лопес пен Джордж Камбосос андеркардында болуы ықтимал. Әзірге нақты уақытын өзім де білмеймін. 

- Қытай промоутерлері жайлы сөз етсеңіз?

- Келеңсіз жағдай болды. Аустарлиялық промоутер қытайлардың ақшасымен промоушен ұйымдастырмақ еді. Гонорарлар өте үлкен. Біз қол қойдық. Алайда олар ондай ақша шығарғысы келмеді. Кейін бұл жоба іске асырылмайтыны белгілі болды. Осыдан кейін бәріне дайын болуды үйрендім. 

- Жаттығу лагерін қашан бастайсыз?

- Жекпе-жек болады дегенде. Сол кезде АҚШ-қа аттанамын. Әдете айқастан екі ай бұрын басталады.

- АҚШ қалай?

- Тамаша. Онда жыл он екі ай жылы. Ауасы да таза. Осында келсем ауыр бастаймын. Салмақ қуғанға да ыңғайлы. Өйткені әрдайым жылы. 

- Индонго сіз үшін ең қолайсыз үш қарсыластың қатарында ма?

- Ол әлем чемпионы екені бірден байқалды. Онда ешқандай "лакипанч" болған жоқ. Бірақ Кроуфордпен жолы болмады. Менімен де. Иә, ол өте ыңғайсыз. Мен оны жіберген қателіктері арқасында жеңдім.