auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Шыны керек, ақша үшін шықтым". Алғаш рет мерзімінен бұрын жеңілген қазақстандық оқиғаның мән-жайын айтты

"Шыны керек, ақша үшін шықтым". Алғаш рет мерзімінен бұрын жеңілген қазақстандық оқиғаның мән-жайын айтты
Асхат Уалиханов. © Top Rank
Қазақстандық боксшы Асхат Уалиханов карьерасындағы мерзімінен бұрынғы алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді - деп хабарлайды Vesti.kz.

Филадельфияда өткен бокс кешінде қазақстандық алтыншы раундтан кейін рингке шыға алмай, Хосе Лопес жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін Уалиханов ауруханаға түсіп қалды

"Салмақ өлшеуден кейін өзімді жақсы сезінгенмін, сол кезде жариялаған видеом да бар. Аурудың бәрі кешке басталады демекші, түнге қарай қызуым бір көтеріліп, біресе денем мұздады. Қасымда Мадияр Әшкеев болды, ол да менімен бірге түнімен ұйықатамды. 

Менеджер жекпе-жекке шықпай-ақ қой дегенімен, келісімшартқа қол қойғандықтан, жұдырықтаспасам гонорарымды алмай қалар едім. Ал мұнда мен өз күнімді өзім көріп жатқандықтан қаржы керек. Ешқандай бай туысым жоқ, ата-анамда, өзге де туыстарым қарапайым. 

Маған қолдау білдіргендерге алғысымды білдіремін. Мін айтқандар да болды, олар боксты түсінбейтін адамдар. Сынаушыларға айтарым - алдымен мен жүрген жолмен өтіп көріңіздер", - дейді боксшы. 

Еске салайық, 28 жастағы қазақстандық карьерасында екінші рет жеңіліп тұр, бұл жолы мерзімінен бұрын. Сондай-ақ, боксшы төрт рет жеңіске жеткен. Уалиханов Top Rank компаниясымен келісімшартта.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама