Бокс
12 желтоқсан 11:23

Шындықтың беті ашылды. Әлімханұлы чемпиондармен неге айқаса алмағаны айтылды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Boxing247.com сайтының авторларың бірі Тим Комптон британиялық Хамза Шираз (21-0, 17 KO) орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлынан (16-0, 11 КО) неге қашқанын түсіндірді. 

Шираз WBO желісі бойынша міндетті қарсылас бола тұра Жәнібекпен қашып, 22 ақпан Эр-Риядта WBC титулына ие Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) жұдырықтасатын болды.

Жәнібек Адаместі де сан рет айқасқа шақырған, алайда ол да сылтауратып жекпе-жекке шықпады.  

"Бокс жанкүйерлері 25 жастағы Хамза Жәнібекпен жекпе-жектен қасақана қашып отыр деп есептейді. Өйткені қазақ боксшы өз салмағындағы нөмірі бірінші боксшы, ал Карлос Адамес - чемпиондар арасында ең әлсізі. Хамза Жәнібекпен де, WBA чемпионы Эрисланди Ларамен де шыға алатын еді және андердог есептелер еді ғой. 

Остин Уильямспен жекпе-жекте есеңгіреп қалған Шираз үшін Жәнібек қауіпті. Ұлыбританияда оны мықты деп есептейді, бірақ, ол жекпе-жекте Хамзаның ондай емес екені білініп қалды. Оның әлсіз тұстары бар. Сондықтан ең осал чемпион Адаместі таңдау - Шираз үшін хайптың ғана жемісі емес екенін жасырудың ең оңтайлы жолы", - делінген мақалада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport