"Шыңдаймын...". Майк Тайсон келесі жекпе-жегі туралы хабарлады

1 желтоқсан 2020 12:32
Сурет: AllBoxing

54 жастағы Майк Тайсон кәсіпқой рингте тағы бір жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді,- деп хабарлайды BoxingScene. 51 жастағы бокс жұлдызы Рой Джонспен кездесуден кейін ол шеберлігін шыңдай түсікісі келетінін мәлімдеді. 

"Мен нокаутқа түсіп қалмағаныма қуаныштымын. Келесі жекпе-жекте мұнан мықты боламын, өзімді шыңдаймын. Бәрін бұдан жақсы аяқтай алар едім. Құдай қаласа, келесі жекпе-жегімде жақсырақ жұдырықтасамын", - дейді Тайсон.