Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. 13 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды msports.kz сайты.
48, 54, 71 келідегі финалдық жекпе-жектер түрлі себептермен өтпеді. 57 келіде Оразбек Асылқұлов, 60 келіде Бейбарыс Жексен алғаш рет тәжірибелі қарсыластарынан есесін қайтарды.
2023 жылмен салыстырғанда чемпиондар 100%-ға жаңарды. Жүлдегерлер ақшалай (1-орын – 150 мың теңге, 2-орын – 100 мың теңге, 3-орын – 50 мың теңге) сыйақымен марапатталды.
Ең егде чемпион – 36 жастағы Теміртас Жүсіпов.
48 келіге дейінгі салмақта: Теміртас Жүсіпов
51 келіге дейінгі салмақта: Дамир Әбдіқадыр
54 келіге дейінгі салмақта: Нұрсұлтан Алтынбек
57 келіге дейінгі салмақта: Оразбек Асылқұлов
60 келіге дейінгі салмақта: Бейбарыс Жексен
63,5 келіге дейінгі салмақта: Ертуған Зейнуллинов
67 келіге дейінгі салмақта: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
71 келіге дейінгі салмақта: Сабыржан Аққалыков
75 келіге дейінгі салмақта: Диас Молжігітов
80 келіге дейінгі салмақта: Ерасыл Жақпеков
86 келіге дейінгі салмақта: Бекзад Нұрдәулетов
92 келіге дейінгі салмақта: Сағындық Тоғамбай
92 келіден жоғары салмақта: Айбек Оралбай
Турнирдің үздік боксшысы – Оразбек Асылқұлов (57 келі)
Жеңіске деген ұмтылыс – Никита Засенок (Украина, 80 келі).