Украиналық боксшы Юрий Захареев бірегей жетістікке жетті, деп хабарлайды XSPORT.
19 жастағы Захареев жастар арасында және ересектер арасындағы әлем чемпионатын бір жылда жеңіп алған тарихтағы бірінші боксшы атанды.
Белградта өткен әлем біріншілігінде украиналық боксшы ресейлік Вадим Мусаевты таза жеңді (5:0). Сонымен қоса, ол турнирде ең ауыр айқас қазақ боксшымен болғанын мойындады.
Ол 71 келі салмақтағы 1/4 финалда Асыланбек Шымбергеновты 3:2 есебімен жеңді, ал қалған қарсыластарынан таза басым түскен еді. Бұл жарыста ол Махмуд Саидты (5:0), британиялық Мохаммед Акбарды (5:0), испаниялық Юб Сиссоконы (5:0), әзірбайжандық Сархан Алиевті (5:0) де жеңген