Шымбергенов өзбекстандық Азия чемпионынан есе қайтарып Халықаралық турнир финалына шықты

Сурет: ҚБФ

Қазақстандық Асланбек Шымбергенов Санкт-Петербургтегі бокстан халықаралық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

69 келідегі жартылай финалда Асланбек 2019 жылғы Азия чемпионы өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровты жеңді. Ал алтын үшін шешуші айқаста қазақстандық боксшы 2019 жылғы әлем чемпионы ресейлік Андрей Замковпен кездеседі. 

Шымбергенов пен Батуров 2018 жылғы Азия чемпионатында да кездескен болатын, ол кезде өзбек боксшы жеңіске жеткен болатын. 

Сондай-ақ, боксшылар Тайландта өткен 2019 жылғы Азия чемпионатының 1/4 финалында да қарсылас болған. Бұл айқас екі боксшының да жарақатына байланысты үшінші раундта тоқтатылып, төрешілер жеңімпазды ұпай санымен анықтауды ұйғарады. Өзбекстандық боксшы жекпе-жек тоқтағанға дейін ұпай санымен жеңіп тұрған. Осылайша, қазақстандық боксшы тағы да қарсыласына есе жібереді. Ал Батуров Азия чемпионы атанады және сол жылы Әлем чемпионатында қола жүлде иеленді.