Қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергенов әлем чемпионатында 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңгеннен кейін Vesti.kz тілшісіне пікір білдірді.
71 келіде өткен айқаста төрешілердің бәрі жеңісті 28 жастағы Шымбергеновке берді.
- Әлем чемпионатына жақсы дайындалдық. Рингте жаттықтырушылардың айтқанындарын орындауға тырыстым.
- Бірінші раундта анық жеңдің, ал екіншісінде қарсылас белсендірек бола бастады. Басымдықты қалай қайтардың?
- Жаттықтырушылар айтып отырды ғой, есепті. Соған қарап жұмыс істеп жатырмыз.
- Бетіңдегі қаншалықты ауыр (беті мен көз астының көгергені. - ескерме.)?
- Көрген жоқпын әлі өзім де, бірақ, қатты емес деп ойлаймын.