Шымбергенов Олимпиадаға іріктеуде жеті дүркін чемпионды нокаутқа түсірді
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.
71 келідегі 1/32 финалда Асылан Финляндияның жеті дүркін чемпионы Сэм Мороватимен жұдырықтасып, оны екі рет нокдаунға түсірген соң, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Шымбергенов техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр.
Осылайша, Қазақстан командасынан Сәкен Бибосынов, Махмұт Сабырхан, Нұрбек Оралбай, енді міне Шымбергенов те екінші айналымға өтті.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның бокстан 2024 жылғы Олимпиадаға екі лицензиясы бар: оны Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) жеңіп алған еді.
Жарнама