Шық бермес... Әйгілі Мейвезердің шарасыз қарсыласы ақысын сот арқылы өндірмек
Блогер әрі боксшы Логан Пол жекпе-жек үшін ақшасын толық алмағаны үшін атақты Флойд Мейвейзерді сотқа беретінін растады, деп хабарлайды "Чемпионат".
Блогер әрі боксшы Логан Пол жекпе-жек үшін ақшасын толық алмағаны үшін атақты Флойд Мейвейзерді сотқа беретінін растады, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Иә, Флойд Мейвезерді сотқа береміз. Бізге ақымызды толық бермеді. Ол тақырға отырыпты. Оны "Ақша" Мейвезер деп атайды, онда ақшасының бәрі қайда?", - деп береді блогердің сөзін BJPenn.
Еске салайық, Логан мен Мейвезер былтыр маусымда үш минуттан сегіз раунд өткізді. Бокс ережесі бойынша бұл кездесу белгіленген уақытын толық өтіп, жеңімпаз анықталмау керек болған. Солай болды да. Дегенмен ереже бойынша нокаут пен нокдаундарға да рұқсат етілген еді.
Мейвезердің кепілді гонорары 10 миллион доллар. Сонымен қоса, ақылы трансляциядан түскен пайданың 50 пайызын алу керек болатын. Ал Полдың кепілді табысы 250 мың доллар және ақылы трансляцияның 10 пайыз түсімі деп келісілген.
Жарнама