Бокс
6 ақпан 2019 13:20
 
Шүменов пен Головкин лагеріндегі "уақытша" чемпион арасындағы жекпе-жектің саудасы қайта шегерілді

  Пікірлер

blog.share

Шүменов пен Головкин лагеріндегі "уақытша" чемпион арасындағы жекпе-жектің саудасы қайта шегерілді Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) пен франциялық Арсен Гуламирян (24-0, 16 КО) арасындағы жекпе-жек бойынша промоутерлік сауданы қайта шегерді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланған. 

Франциялық боксшы 20 қазан аустарлиялық Марк Флэнаганды (24-6, 17 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсіргеннен кейін Шүменов пен Гуламирян арасындағы жекпе-жекке санкция берілді.

Қазіргі таңда Шүменов алғашқы ауыр салмақта WBA ұйымының "қарапайым" белбеуіне, ал Гуламирянда "уақытша" белбеуіне ие. Бұл дивизиондағы басты - WBA (Super) белбеуі әлемнің абсолют чемпионы украиналық Александр Усикте (16-0, 12 КО)

Бастапқыда промоутерлік сауда Панама-Ситидегі WBA кеңсесінде 4 ақпанға белгіленген, кейін ұйым оны алтыншы ақпанға шегерді. Ал енді промоутерлік сауданың жаңа күні ретінде 13 ақпан белгіленді. Бәс қоюдың ең кем соммасы 200 мың доллар. Шүменов чемпион ретінде пайданың 55 пайызын алады, ал Гуламирян қалғанын. 

Жарнама

Живи спортом!