"Шулатамыз". "Канело" Альварестің бапкері Головкинді нокаутпен қорқытып үшінші жекпе-жек салмағын таңдады

Сурет: HBO Boxing
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапері Эдди Рейносо қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек сөзсіз нокаутпен аяқталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды ESPN Deportes.

"Егер бұл жекпе-жек өтсе, "Канело" нокаутпен жеңетіні күмәнсіз. Қарымтадағыдай әрекет етеміз - бірінші минуттан-ақ оны шегінуге мәжбүрлейміз. Бұл жолы бәрі басқаша болады, өйткені оны нокаутқа түсіреміз. Бізге сенетін адамдардың бәріне осындай уәде береміз". 

Сонымен бірге, бапкер Головкинмен трилогия "Канело" үшін орта салмақтағы соңғы жекпе-жек болатынын растады. 

"Головкинмен 160 фунтта жұдырықтасқымыз келеді, содан кейін бұл дивизионда жақсы не барын көреміз. Жоқ болса, 168 фунтқа көтеріліп, шулатамыз", - дейді Рейносо.