"Шіріп жатыр". WBO шешімінен кейін Жәнібектің салмағындағы сұмдық айтылды

©twitter.com/qazaqstyle

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақ рейтингін жаңартты. Жаңа тізімде британиялық Хамза Шираз (19-0, 15 КО) бірінші орынға шығып, отандасы Крис Юбенкті (33-3, 24 KO) екінші сатыға ығыстырды, деп жазады Vesti.kz.

Осылайша, Шираз WBO желісі бойынша Жәнібектің міндетті қарсыласы атанды.

Бұл жағдайға Fight Club 247 арнасының Twitter-аккаунтында мынадай пікір жазылыпты: 

 
"Хамза Шираз - WBO орта салмақ рейтингінде №1. Жәнібек Әлімханұлы - WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион.

Бір кездері ең ұлы дивизионды шірітіп қойды. Титулды үш жылдай қорғамағанды (Джермалл Чарло) чемпион қылып қалай қалдырып қояды - бұл сұмдық".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport