Showtime арнасы "Канелоның" алдағы екі қарсыласын таңдады

©Showtime

Showtime телеарнасының президенті Стивен Эспиноза екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) алдағы уақытта Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) немесе Дэвид Бенавидеспен 24-0, 21 КО) кездесуге ниетті екенін айтты. 

"Менің ойымша, елдің назарын аударатын екі кездесу - "Канело" мен Джермал Чарло немесе "Канело" мен Бенавидес арасындағы айқас. Біз бұл боксшыларды Саульдің командасына да ұсындық. Олар да қызығушылық танытты. Тағы бір айтқым келетіні, Альварес келесі кездесуін көп күттірмей өткізеді. 

"Канеломен" жұмыс істеген оңай. Оның командасы тәжірибелі. Не істеу керектігін біледі. Олар көптеген үлкен кездесулерді өткізген. Дәл қазір Сауль қарсылас таңдайтындай дәрежеге жетті. Біз алдағы уақытта да онымен жұмыс істейміз", - деп келтіреді Эспинозаның сөзін boxingnews24.com порталы. 

Еске салайық, кеше Альварес Калеб Плантқа қарсы айқас өткізіп, 11-раундта жеңіске жетті. Осылайша, мексикалық супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар