Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-1, 18 КО) нигериялық Эфе Аджагбамен (18-1, 14 KO) айқастағы әрекеті үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.
26 тамыз АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде Кособуцкий қарсыласын белден төмен ұра бергендіктен дисквалификация алып, карьерасында алғаш рет жеңілді.
"WBC, Американың бокс ұйымы және жанкүйерлерімнен спортқа жатпайтын қылығым үшін кешірім сұрағым келеді. Кәсіпқой боксшыға жат қылық істегенімді түсінемін.
Қарсыластың бірнеше рет белден ұрған соққысынан кейін, мен өзімді ұстай алмай қалдым, кәсібилікті жоғалтып, оны өзім жазаламақ болдым.
Мұның кәсіпқой боксқа еш қатысы жоғын білемін және алда мұндайды менен қайтіп көрмейсіздер дегім келеді", - деп береді Кособуцкийдің сөзін BoxingScene.com.