Бокс
2 шілде 2021 14:06
 

Шетелдік сарапшы Садриддин Ахмедов неге осал қарсылас таңдағанын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Шетелдік сарапшы Садриддин Ахмедов неге осал қарсылас таңдағанын түсіндірді Садриддин Ахмедов. Сурет: Eye of the Tiger Management©

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) канадалық Мпонда Калунгамен (8-2, 3 КО) жекпе-жекте бойын жазып алмақ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Boxingtalk.com порталының шолушысы Иван Монтиэль осындай пікір білдірді. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) канадалық Мпонда Калунгамен (8-2, 3 КО) жекпе-жекте бойын жазып алмақ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Boxingtalk.com порталының шолушысы Иван Монтиэль осындай пікір білдірді. 

"Әлбетте, бұл айқаста Садриддин жеңеді. Қарсыласының тәжірибесі аздау, карьерасында ұзақ үзіліс болды, нокаутқа түсіретін соққы жасай алмайды. Мұның бәрі Канаданың ең мықты проспектіне қарсы жекпе-жекте оның жолы болмайтынын білдіреді. Бұл Ахмедов үшін анық бой жазу, алдын ала жаттығып алу.

Неге осындай қарсылас таңдалды? Канадада коронавируспен жағдай ушығып тұр. Ахмедовтың бокс кешін өткізу мәселесі қиындыққа тап болды. Тек жақында ғана өтетіні ресми жария етілді. Тез арада қарсылас іздеп, келіссөз кезінде қиындық тудырмайтын боксшыны табу оңай емес. Сондықтан Калунга - оңтайлы шешім. Ол Ахмедовтың келесі деңгейге дайындығының бір бөлшегі болады", - дейді Монтиэль.

Бұл жекпе-жек 16-шілде Канаданың Шавиниган қаласында өтеді. Он раундты кездесуде Ахмедовке тиесілі NABF титулы сарапқа салынады. 

Жарнама

Живи спортом!