Британиялық сарапшы Мэтт Робинсон қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұловтың IBA Дубайда (БАӘ) өкізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында көрсеткен өнерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жегінде Асылқұлов Кабо-Верден келген Элисандру Санчес да Силваны 5:0 есебімен таза жеңді.
"Асылқұлов соңғы бірнеше жылда менің әлемдегі ең сүйікті боксшым болды. Маған оның стилі өте ұнайды және осы туралы Қазақстанда жүргенде бірнеше адамға айтқанмын: ол толықтай сау әрі жинақы кезде, қазіргі қарсыластарының арасында оған тең келер ешкім жоқ деуге болады. Оның техникалық дайындығы керемет. Халоков, Сабырхан, Оливейра, Гантумур және басқа да көптеген боксшыларды жеңгенін ұмытпайық.
Асылқұлов үшін әрдайым қиындық туғызатын жайттардың бірі – салмақ мәселесі. Қазақстанда онымен кездескенімде осы туралы аздап сөйлестік — ол енді 55 келіге дейін түсе алмайды, ал 60 келіде өзін жеткілікті қуатты сезінбейді. Ал 57 келіде ол шынымен тамаша көрінеді.
Әрине, осы қарсыласы Асылқұловтың мықты жақтарын көрсетуі үшін жеткіліктідеңгейде болған жоқ. Асылқұлов бабында болған кезде қарсы шабуылда жұмыс істейді: денесімен жатық қозғалыстар жасайды, өткір қарсы соққы комбинациялары және қарсылас әрекет етіп үлгергенше тактикасын өзгерте біледі", - деп жазды Робинсон әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Асылқұлов өзбекстандық боксшылармен жекпе-жектерде жақсы нәтиже көрсетеді, сондықтан "өзбек боксшыларының үрейі" деген лақап атқа ие болған. 2023 жылы ол "Странджа кубогінде" Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковты жеңген боалтын.
Оның қазіргі таңдағы ең жоғары жетістігі - 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатының күміс жүлдесі.
Жарнама