Шетелдік сарапшы қазақстандық боксшылардың басты қателігін атады

©Instagram

Қазақстанның бірқатар мықты боксшысы нашар промоутерлер кесірінен өз әлеуетін аша алмады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық журналист Джек МакКаферри осындай пікір білдірді. 

"Қазақстан боксшылары өте талантты. Головкин мен Әлімханұлынан бөлек те жақсылары жетіп артылады. Алайда GGG мен Жәнібектің жолы болып, тәжірибелі промоутерлермен жұмыс істеп жүр. Мамандар уақытты дұрыс пайдаланып, оларды жақсы жетелеп келеді. Ал өзге қазақстандықтардың көбі уақытын бекер жоғалтуда. Жүкембаев, Ахмедов, Дычко мен Елеусінов нашар менеджерлердің құрбаны. Садриддинде жарақат болды, ал өзгелерінде жекпе-жек өткізе беруге қажеттінің бәрі бар еді. Енді Елеусінов ұзақ айқаспай титулынан айырылды, ал Дычко элитаға кіру мүмкіндігін жоғалтты. 

Алматыда өткен кейінгі бокс кешіндегі Жүкембаев пен Ахмедовтың оралуы нашар болды. Егер келесі айқасқа дейін үзіліс осындай болса, онда карьералары бітті дей бер. Оларға Канадаға оралу немесе басқа елге бару туралы ойланған жөн. Ресми жекпе-жектермен келетін үзіліссіз тәжірибе қажет. Айқассыз рейтинг жинап, өзіңді таныту мүмкін емес", - дейді сарапшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport