Бокс
4 маусым 09:18
 

Шетелде Жәнібек Әлімханұлын Канелодан артық бағалай бастады

  Пікірлер

blog.share

Шетелде Жәнібек Әлімханұлын Канелодан артық бағалай бастады ©x.com/qazaqstyle

Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 2025 жылдың ең жақсы және ең нашар бокс оқиғалары рейтингінде мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварестен (62-2-2, 39 KO) жоғары тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 2025 жылдың ең жақсы және ең нашар бокс оқиғалары рейтингінде мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварестен (62-2-2, 39 KO) жоғары тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жанкүйерлердің дауыс беруі негізінде жасалған Brunch Boxing рейтингі бойынша, Әлімханұлының франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-1, 9 KO) жекпе-жегі 20-орында, 78 пайыз оң пікір жинаған. Бұл көрсеткіш әлемдік деңгейдегі көптеген жұлдыздардан, соның ішінде өз буынының үздіктерінің бірі саналатын Канело Альварестен әлдеқайда жоғары.

Канело — тізімнің ең соңында

Канелоның кубалық Уильям Скуллмен (23-1, 9 KO) абсолют чемпио атағы үшін өткізген жекпе-жегі күтпеген жерден тізімнің соңында - 37-орнынға түсіп қалған. Жанкүйерлердің тек 18 пайызы бұл айқасты мақұл көріпті, бірақ, олар бұл жекпе-жекті іш пыстырар әрі абсолют чемпион мәртебесіне сай келмеді деп бағалаған. Көпшіліктің пікірінше, қарсылас әлсіз болған, ал айқас формалдылық түрінде өткен.

Жанкүйерлер пікірінше 2025 жылдың үздік 10 жекпе-жегі:

• Наоя Иноуэ vs. Рамон Кардэнас – 99%
• Дэвид Бенавидес vs. Дэвид Моррелл – 98%
• Артур Бетербиев vs. Дмитрий Бивол 2 – 93%
• Фернандо Мартинес vs. Кадзуто Иока – 91%
• Калеб Плант және Джермалл Чарло (қосарланған ивент) – 90%
• Крис Юбенк-кіші vs. Конор Бенн – 88%
• Бектемир Мелиқұзиев vs. Дариус Фулгум – 87%
• Анджело Лео vs. Томоки Камеда – 87%
• Уильям Сепеда vs. Тевин Фармер – 85%
(бірге) Денис Беринчик vs. Кишон Дэвис,
Майкла Майер vs. Сенди Райан,
Джош Тейлор vs. Эков Эссуман,
Джарон Эннис vs. Эймантас Станёнис – барлығы 84%

Осы жекпе-жектердің аясында, Nomad Promotions ұйымдастырған Әлімханұлы мен Нгамиссенге арасындағы кездесу де лайықты деңгейде бағаланған — әсіресе Жәнібек Иноуэ немесе Бенавидес секілді медиялық алып еместігін ескерсек.

Қызықты дерек

Жәнібектің жекпе-жегі Канело Альварестің абсолют чемпион атағы үшін өткізген айқасынан төрт есе көп қолдау жинаған.

Еске салайық, Жәнібек пен Нгамиссенге арасындағы жекпе-жек 5 сәуірде Астанада өткен. Онда IBF және WBO белбеулері сарапқа салынған болатын. Қазақстандық боксшы бесінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық атақтарын сақтап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!