Шетел құрамасындағы қазақ боксшы АЧ-дегі жарысын тоқтатты

©

Бахрейн атынан өнер көрсететін Қазақстан құрамасының бұрынғы боксшысы Азат Махметов Аммандағы Азия чемпионатында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бибосыновпен бетпе-бет келуім мүмкін". АЧ-де шетел атынан шығатын қазақ боксшы

51 келіде қазақ боксшының қарсыласы Томоя Цубои болды. Бұл айқаста жапониялық боксшы таза жеңіске жетті - 5:0.

Айта кетейік, осы салмақта жарысқа қатысып жатқан қазақстандық Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Еске салайық, Азат Махметов - Атбасар бокс мектебінің түлегі. 2015 пен 2016 жылдар аралығы "Астана Арландары" сапында болған. Жастар арасында Қазақстан чемпионы, ересектер арасында күміс жүлдегер. Венгрия, Польша, Таиланд, Сербия және Финляндияда өткен халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері. 2017 жылы Бакуде өткен Ислам ойындарының жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар