Шешуші жекпе-жектер. Қазақстандық боксшылардың алтын үшін айқастарына тікелей көрсетілім

©Olympic.kz

Бүгін, 27 ақпан Софияда (Болгария) "Странджа кубгі" атты дәстүрлі халықаралық бокс турниірінде шешуші жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кіші әлем чемпионатының алтыны үшін Қазақстанның төрт боксшысы айқасқа түседі. 

Күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (54) рингке шығады, "Қазақтың Ломаченкосы" жарыс қожайыны болгариялық Ясен Радевпен жұдырықтасады. Тікелей трансляция 18:00-де басталады.

Кешкі сессияда (22:00) үш қазақстандықтың кездесулері өтеді. Дулат Бекбауов (67) даниялық Никола Тертерянмен, Сағындық Тоғамбай (86) украиналық Сергей Горсковпен, ал Валентина Хальзова (70) ресейлік Галина Головченкомен жекпе-жекке шығады.

Еске салайық, финалдың бірінші күні Қазақстан қоржынына бір алтын - Назым Қызайбай (50) - және үш күміс түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар