Бүгін Бангкокта (Таиланд) 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгі қазақстандық боксшылар финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тікелей трансляция Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады.
Қазақстандық спортшылар қатысатын финалдық кездесулер кестесі:
Әйелдер бәсекесі
48 кг - Гүлназ Бөрібаева – Робияхон Бахтиёрова (Өзбекстан)
70 кг - Бақыт Сейдіш – Ойша Тоирова (Өзбекстан)
75 кг - Шұғыла Нәлібай – Ци Бао (Қытай)
+80 кг - Әсел Тоқтасын – Ритика (Үндістан)
Ерлер бәсекесі
60 кг - Нұрислам Қалдыбаев – Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
65 кг - Илья Калинин – Саяқ Ильясов (Өзбекстан)
70 кг - Нұрбек Мұрсал – Мұхаммадазизбек Исмоилов (Өзбекстан)
80 кг - Санжаралы Бегалиев – Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
90 кг - Темірлан Мұқатаев – Шахзод Палвонов (Өзбекстан)
Бұған дейін 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында финалдық жекпе-жектер өтті, қазақстандық спортшылардың нәтижелерімен мына жерден таныса аласыз.
Жарнама