Бокс
14 қазан 10:23

"Шешімге дейін құттықтап жатты". Бетербиев жеңісті әділетсіз алғаны айтылды

©X/ Turki_alalshikh

Ресейлік Дмитрий Биволдың (23-1, 12 КО) менеджері Вадим Корнилов Артур Бетербиевпен (21-0, 20 КО) жекпе-жектегі төрешілер шешіміне қарсы ресми наразылық білдірді. Бұл туралы журналсит Майкл Бенсон хабарлады. 

Эр-Риядта өткен жекпе-жек 115-113, 113-114 және 116-112 есебімен Бетербиевтң пайдасына аяқталды. Осылай ол жартылай ауыр салмақта WBA Super, WBC, IBF және WBO белбеулерін иеленіп, абсолют чемпион атанды. Алайда Корнилов польшалық төреші Павел Кардынийдің қойған есебіне (116-112) наразы екен. 

"Дүйсенбіде наразылықты тапсырамыз. Меніңше, төреші өз істегегніне жауапты болу керек. Олардың ісі спортқа кері әсер етуде. Санкция беретін органдарда супервайзерлер бар, супервайзерлер төрешілермен дос, олар промоутерлермен құшақтасып көріседі, бұл ауыз жаласу барын білдіреді... Супервайзерлердің бірі Top Rank жігіттерінің арқасынан қағып, оларды шешім шыққанға дейін құттықтап жатты. Бұл не? Олардың достығы қандай? Спорттағы кәсібилік қайда?", - дейді Корнилов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport