Бокс
5 мамыр 2021 11:49

Шешімі табылды. WBO чемпионы "Канеломен" жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Bleacher Report

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) мексикалық бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альвареспен (55-1-2, 37 КО) жекпе-жек өтетінін мәлімдеді. Мұның алдында боксшының әкесі басқаша айтқан еді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Том Сондерс ринг көлеміне байланысты келісімге келе алмағандықтан жекпе-жек өтпейді деген еді. Сонымен қоса, Сондерстің орнына Альвареске қарсы өзге британиялық боксшы Джон Райдер (29-5, 16 КО) шығатыны да айтылған.

Кейін Билли Джоның өзі рингпен мәселе шешілгенін хабарлады. Дегенмен олар көлем бойынша келісімге келді ме, жоқ басқаша шешілді ме онысы айтылмады. 

"Мәселе шешілгенін айтқым келеді және мен оған қуаныштымын. Ринг - қиындық емес. Бас бармақтарыңды көтеріңдер". - дейді Сондерс Instagram стористегі видеосында. 

Еске салайық, "Канело" мен Сондерс кездесуі 8 мамыр Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өтеді.