"Шешім Алладан". Садриддин Ахмедов өтпей қалған айқасына қатысты мәлімдеме жасады

Садриддин Ахмедов. Сурет: Eye Of The Tiger Management

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) жекпе-жегі өтпей қалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

16 шілде Шавиниганда (Канаданың Квебек провинциясы) Ахмедов жергілікті Мпондо Калунгамен (8-2, 3 КО) жұдырықтасу керек болған. Алайда қазақ боксшы жаттығу кезінде арқасын жарақаттап, кездесу өтпейтін болды. 

"Ассалаумағалейкум баршаңызға! Барлық қолдаушыларға үлкен алғыс білдіремен және осы жекпе-жекті күткен жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Біз еліміздің көк туын жоғары көтеру үшін жақында қайта ораламыз, шынында өзіміз қатты қүтіп жүрген жекпе жегімізге дайындық барысындағы жарақатымыз үшін өкінеміз. Біздің қолымыздан тек амал, ал шешімді Алла қабылдайтынын білеміз", - деп жазыпты Садриддин Instagram желісінде. 

Жаңалықтар