Шекербекова Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

©ҚБФ

Қазақстан құрамасының белді мүшесі Жайна Шекербекова Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

54 келі салмақтың ширек финалында Шекербекова жапондық Нариту Хануды жеңді.

Жайна Шекербекова спорттық жолында әлем чемпионатының күміс жүлдесін және екі рет қола медалін иеленген. 2010 жылы Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2014 жылы Азия ойындарында екінші орыннан көрінген еді.

Еске салайық, осыған дейін әйелдер арасында сынға түскен Жазира Орақбаева жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport