Қазақстан құрамасының боксшысы Жәйна Шекербекова Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің финалында 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Таиланд елінің өкілі Джутамас Джитпонгпен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Шекербекова екінші мәрте Азия чемпионатында топ жарды. Бірінші рет ол 2010 жылы Астана қаласында алтын жүлде алған болатын.
Айта кетейік, бүгін қыздар арасындағы финалда Қазақстан намысын тағы екі боксшы қорғайды. Тарқатып айтсақ, 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимаова жапониялық Ирие Сенамен, 81 келіге дейінгі салмақта Гүлсая Ержан үндістандық Савитимен қолғап түйістіреді.
Ал 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова финалдық жекпе-жексіз-ақ алтын жүлдегер атанды.