Альварестің командасы бәрін есептеп, мен әбден қалжыраған уақытта ұтымды ұсыныс жасады. Ярдпен кездесу екі рет шегерілді, сондықтан ұзақ жаттықтым, бұл ауыр және 12 келі салмақ тастадым.
Мұндай жағдайда "Канело" - Ковалев жекпе-жегіне 100 пайыз дайын емес едім, бірақ, жұдырықасуға шақырғанда шегіне алмаймын. Оның өзінде жеңіске үмітті едім, алайда, жанармай жетпеді. Бұл "Канело" командасының есебі. Сондықтан "Канело" шынымен мені жеңдім деп есептесе, қарымтада мұны дәлелдесін. Оны 2020 жылы мамырда өткізе аламыз", - деп жазыпты Ковалев Instagram желісінде.