Күніне 2 мезгіл, 6 сағат жаттығу залындамын. Әртүрлі спарринг қарсыластармен жұдырықтасып, мамандармен ақылдасып, мықтылармен кеңесіп дайындық жасап жүрмін. Жұма күні жекпе-жек өткіздім, дүйсенбі залға келіп жаттығуымды қайта бастадым. Маған демалу, қыдыру деген қызық емес. Менің бар ойым чемпиондық белбеу. Соған қол жеткізбейінше тоқтамаймын.
Канело? Оған қарсы менде ондаған айла-тәсіл бар. Шыңдап, дайындап қойғанмын. Чарло? Оның Деревянченкoмeн жұдырықтасуын көргендер оныншы раундта шаршап қалғанын да көрді. Андраде? Ашық бокстасады. Жақтарын ашық ұстайды. Қарсы соққыға оңай түседі. Мен жәй бір-екі мысал ғана келтіріп отырмын. Барлық чемпионға тактикалық тұрғыдан дайынбыз. Залда құр тер шығарып, энергиямды тауысып жүрген жоқпын. Күн сайын чемпиондарға дайындаламын", - деп жазыпты спортшы Instagram желісінде.