Бокс
30 қыркүйек 2022 10:35

Шабуылдан оңалмады. "Арландардың" бұрынғы бапкері көз жүмды

©"Астана Арландары"

"Астана Арландары" клубының бұрынғы бапкері Сергей Корчинский көз жұмды, деп хабарлайды Украинаның бокс федерациясы.

Команда бұл маманның жетекшілігімен Бүкіләмедік бокс сериясының (WSB) маусымында жеңімпаз атанған. Бапкердің өзі де турнир номинациясын иеленіп, бірнеше мықты боксшыны дайындап шығарды. 

"Қайғылы хабар, 59 жасында Украинаның бокстан еңбегі сіңген бапкері, Бүкіләмедік бокс сериясының WSB ең мықты бапкері болған Сергей Корчинский көз жұмды...

Федерация Сергей Анатолийұлының отбасына көңіл айтады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2018 жылы сәуірде бапкерге көшеде шабуыл жасалып, ол ауруханаға түсті. Кейін жағдайы ауыр болғанына байланысты дәрігерлер оны жасанды комаға түсірген болатын. Одан соң ол есін жиды, алайда, жағдайы ауыр болып қала берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport