2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов Нұр-Cұлтанда өтіп жатқан Elorda Cup турнирінің алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Теміржанов кубалық Освел Дэвид Кавалльеродан басым түсті. Кавалльеро өткен жылғы ӘЧ қола жүлдегері.
Кездесудің бірінші раундында қазақстандық жеңіске жетсе, екінші раундта қарсыласы есеп айырмасын азайтты. Үшінші раундта екі боксшы да жақсы өнер көрсетіп, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы турнир жеңімпазы атанды.
Қорытынды есеп - 3:2.
Қоса кетейік, бұған дейін турнирде екі қазақстандық жеңіске жеткен еді. Олар Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін) және Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін).